Четверг
19.09.2024
21:37
Login/registration
Calendar
«  Март 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Entries archive
Our poll
Какой раздел сайта вам интересен?
Всего ответов: 10
ABBYY Lingvo.Pro
Statistics
Statistics

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
Поиск
Semey english teachers' association
Главная » 2011 » Март » 16 » Семей қаласының мектептерінің оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен өтетін олимпиада ережесі
19:03
Семей қаласының мектептерінің оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен өтетін олимпиада ережесі

Өтетін орны:№17 ЖОББМ, Е. Қашағанов көшесі,26,байланыс телефоны:56-42-55, электрондық адрес semsk_sosh_17@mail.ru

Өтетін мерзімі: 01.04.2011 жыл

I.       Ағылшын тілінен олимпиаданың міндеттері.

-        Оқушылардың ағылшын тілін оқуға қызығушылығын арттыру,

-        оқушылардың ой өрісін кеңейту,

-        ағылшын тілі бойынша оқушылардың білімін тереңдету,

-        лингвистикалық жағынан дарынды оқушыларды анықтау.

II. Олимпиадаға қатысушылар.

Олимпиада Семей қаласы мектептерінің 5,6,7 сынып оқушыларының арасында өткізіледі  (әр сыныптан бір оқушыдан). Бір буында 5 немесе одан көп сынып болса, 2 оқушы қатысуға рұқсат

№17 ЖОББМ –ке  28 наурызға дейін олимпиадаға қатысу туралы тапсырыс ұсынылады.

I-кезеңге   тапсырыс берген барлық қатысушылар қатыса алады.

II-кезеңге I-кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай алған оқушылар қатысады.

III. Өткізу тәртібі.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады.

I- кезең – тест сұрақтарына жауап беру.

Қатысушыларға жазбаша лексикалық-грамматикалық тест беріледі. Әр тест нұсқасы 30 сұрақтан және 4 жауаптан тұрады.Тест сұрақтары негізгі грамматикалық тақырыптарды, мәтінмен жұмысты , лексикалық матералдар бойынша білімдерін тексеретін тапсырмаларды қамтиды.

II- кезең –лексикалық тақырыпты презентациялау, ашу.

Оқушылардың берілген тақырыпқа қатысты монологты түрде сөйлеу қабілеттері тексеріледі. Оқушы 15 тақырыптың біреуіне 3 минуттық хабарлама жасауы керек.

IV. Олимпиада тапсырмаларын бағалаудың жалпы критерийлері.

1.     Тест тапсырмаларын орындауға 40 минут беріледі. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушы 1 ұпай алады. Ең жоғары ұпай саны -30.

2.     Лексикалық тақырыпты презентациялау.

Бұл тапсырма кезінде ескеріледі:

-        тақырыптың толық ашылуы, (5 ұпай)

-        оқушының сөздік қоры, (5 ұпай)

-        берілген тапсырмаға сай әртүрлі грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана білуі, (5 ұпай)

-        ағылшын тілінде сөйлеу сауаттылығы.(5 ұпай)

Сонымен қатар оқушылар берілген тақырыпқа қатысты өз ойын, өзінің қарым-қатынасын, өз шығармашылығын көрсетуі керек. Ең жоғары балл саны – 20.  

V.  Олимпиада қатысушыларын марапаттау.

Олимпиада жеңмпаздары қатысушылардың I-ші және II-ші кезеңдерде жинаған ұпай саны арқылы анықталады.Олимпиада жеңімпаздары білім бөлімінің грамоталарымен марапатталады.
Просмотров: 7225 | Добавил: Юлия_Владиславовна | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Жанара  
0
Канша окушы катыса алады?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]